02 Қазан 2026, Жұма 21 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:45
Күн 06:11
Бесін 12:09
Шам 17:55
Құптан 19:21

«Әл-Фараби»: РАНТ мүшесі «Білімсіз пәтуа айтудың зардабы» тақырыбында насихат айтты (фото)

«Әл-Фараби»: РАНТ мүшесі «Білімсіз пәтуа айтудың зардабы»  тақырыбында насихат айтты (фото)

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде әдеттегідей жамағатқа арналған бейсенбілік ақ дастархан жайылып, көпшілікке арналған насихат кеші өтті.   


Бұл жолы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен өткізілген шараға арнайы келген ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Елбек Тасболатұлы жамағатқа «Білімсіз пәтуа айтудың зардабы» тақырыбында әсерлі насихат айтты. 

Пәтуа беру үлкен жауапкершілік. Себебі, пәтуа зор ілім мен өте терең түсінікті қажет ететін іс.  Пәтуа бір нәтижеге қол жеткізу үшін қолданылатын ірілі-ұсақты көптеген тақырыптарды қамтиды. Ол бірнеше құрылымнан тұрады: дәлел және адамның басына түскен жағдайға жіті мән беру, айтылған сөз бен орын алып жатқан оқиға арасындағы түрлі қырларды қамтитын дәлелдердің ара жігін ажырата алу. 

Насихат барысында «Пәтуа беруді жүгі ауыр, қатері үлкен. Пәтуа беруге лайықты білікті мамандар қашан да өте аз болғандықтан, бұрынғы өткен ғұламалар пәтуа беруге үлкен жауапкершілікпен қарап басқаларды да соған шақырған. Бұл жайында имам Науауидің (р.а) мына сөздерін келтірейік: «Пәтуа берудің жауапкершілігі ауыр әрі алатын орны, игілігі өте маңызды екенін біл! Өйткені муфти – пайғамбарлардың (а.с) мұрагері, парыз кифаяны орындаушы, бірақ, оның қателікке бой алдыру қаупі де жоқ емес. Сол себепті ғұламалар: «Муфти – Алла Тағаланың атынан сөйлеуші» - деді Елбек Тасболатұлы. 

Насихат соңында Алладан баршамызға жәннатқа лайықты болатын жамағаттың қатарында болуды нәсіп етуін тілеп, еліміздің тыныштығы мен халқымыздың амандығы үшін дұға жасады.

100010021090

  ummet.kz