09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Бесін 12:07
Шам 17:40
Құптан 19:06

Талаба шәкірттеріне ауызашар сертификаты берілді (фото)

Талаба шәкірттеріне ауызашар сертификаты берілді (фото)

Ақтөбеде өткен ауызашар кешінде Түркия мен Мысыр елдеріндегі «Талаба» студенттер қауымдастығы шәкірттеріне 1 млн. теңге көлемінде ауызашар сертификаты берілді.

Сертификатты қауымдастық өкілдеріне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы табыстады. Аталған қаражатқа Мысырдағы әл-Азһар университеті және басқа да оқу орындарында оқып жатқан 230 шәкіртке, сондай-ақ Түркиядағы оқу ошақтарында білім алып жатқан студенттерге ауызашар беріледі.