10 Шілде 2026, Жұма 25 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Ел үлесі пәтерге: ҚМДБ төрағасы 818-баспана кілтін табыстады

Ел үлесі пәтерге: ҚМДБ төрағасы 818-баспана кілтін табыстады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Астанадағы Республикалық бас мешітте өткен ауызашар рухани кешінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елорда тұрғынына «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясының 818-баспанасын табыстады.

Бас мүфти ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен пәтер кілтін екі баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты анаға табыстап, шаңырағына құт-береке тіледі.

Сондай-ақ кеш барысында ауызашар қонақтарына Рамазан сыйлығы табыс етіліп, қарттар үйінен келген қариялар мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнайы сый-сияпат жасалды.