09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 04:06
Бесін 12:25
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Құрбандық етін қалай дұрыс үлестіремін?

Құрбандық етін қалай дұрыс үлестіремін?

Аса Құдіретті Алла Тағала былай деген: 

«Сонда қашан олардың жамбастары жерге тисе (жаны шықса), жеңдер де, мұқтажға да, мұқтаж емеске де жегізіңдер» («әл-Хаж» сүресі, 36-аят).

Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) құрбандық малына қатысты: «Жеңдер, жегізіңдер әрі қамданыңдар», - деген (Бұхари).

Ал құрбандық малының етін бөлудің ең жақсы үлгісі – бұл Ибн Аббастан жеткізілетін мына хадис: (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Еттің үштен бір бөлігін өзіңе қалдыру керек, үштен бір бөлігін қонақтарға жегізу керек, ал тағы үштен бір бөлігін мұқтаждарға тарату керек».

 

материал «Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)» кітабынан алынды,

ummet.kz