09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Екінті 15:48
Шам 17:40
Құптан 19:06

Қарызға ақша алып, құрбандық шалса бола ма?

Қарызға ақша алып, құрбандық шалса бола ма?

Ханафи мәзһабы бойынша төмендегі талаптарға сай әр адамға құрбандық шалуы уәжіп:

Мұсылман  болуы керек;

Тұрғылықты (жолаушы болмау);

Ақыл-есі дұрыс;

Балиғатқа толған;

Бақуатты.

Ал, шариғатта тұрмысы төмен кісілерге құрбандық шалу міндеттелмейді. Қарызданып-қауғаланып болса да, құрбандық шалсын деген үкім жоқ. Дегенмен, сауап үшін қарызға ақша алып оған құрбандық шалатын болсаңыз, оның еш ағаттығы болмайды.

 

дереккөз: muftyat.kz