24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Бесін 12:22
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Айт күндері жасалатын амал: Жаңа киім кию, ғұсыл құйыну, әтірлену

Айт күндері жасалатын амал: Жаңа  киім кию, ғұсыл құйыну, әтірлену

Бұл ұлық мерекеде мұсылман адам шамасы келгенше мешітке жаңа киім киіп, әтірленіп барған абзал.

Имам Мәлик: «Мен ғалымдардың айт күндерінде жасанудың және хош иістер жағудың абзал екендігі туралы айтатынын естігенмін», – дейтін. Дегенмен, жібек матадан ер азаматтардың бойын аулақ ұстағаны жөн. Себебі, бұл туралы  Ибн Омар былай деген: «Бірде Омар бин әл-Хаттаб базардан жібек көйлек сатып алды да, оны Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) алып келіп: «Уа, Алланың Елшісі, мынаны айт күндерінде, сондай-ақ сізге елшілер келгенде киіңіз», – деді. Бұған Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Мұндай киімді ақыреттен үлесі болмаған адам ғана киеді»,  – деп жауап берді».[1]

[1] Бұхари, Мүслім хадистер жинағы

материал «Құрбан айт – құтты мереке» кітабынан алынды, 

ummet.kz