09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Бесін 12:25
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Тағаның тәлкегі...

Тағаның тәлкегі...

Ілімімен әйгілі болған Ұстаз өзінің мешітінде уағыз айтып отырғанында, жамағаттың ішінен бір кісі келіп: "Ұстаз! Аттың тағасын есікке қағып қойсақ, пайдасы тиеді ме, береке әкеле ме?",- деп сұрайды. 

 Ұстаз: "Еш пайдасы тиеді деп ойламаймын. Себебі тағаланған әрбір аттың аяғында әлгі сен айтып отырған тағаның төртеуі бар. Пайдасын қайдам, әйтеуір тағаланған аттар таңның атысы күннің батысы қамшы жейді де жүреді",- деген екен.