09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Сендер таласқан дүние...

Сендер таласқан дүние...

Саңлақ сахаба хазірет Әбу Бәкір (р.а.) бірде жалғыз жаңғаққа таласып, бір-бірімен төбелесе жаздаған екі баланы ажыратып: «Осы бір жаңғаққа бола таластыңдар ма, әкеліңдер, екеуіңе теңдей етіп бөліп берейін», – дейді.

Бірақ жаңғақты шаққан кезде, іші бос болып шығады. Сонда хазірет Әбу Бәкір (р.а.) әлгі екеуіне қарап: – Көрдіңдер ме, сендерді таластырып, бір-біріңмен төбелестіре жаздаған дүние деген осы, – дейді...