24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Мына алты нәрсе алты адамда әдемі

Мына алты нәрсе алты адамда әдемі

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Сендерден біреуің Алладан ризық тілегенде, халалын сұрасын». (Суюти, «әл-Жамиғ ус-Сағир»)

1. ӘДІЛДІК ӘДЕМІ:

Бірақ әміршіде одан да әдемі.  Өйткені, бір кісі жәбірленгенде бұл зұлымдықты басшы реттейді.

2. ЖОМАРТТЫҚ ӘДЕМІ:

Бірақ байларда оданда әдемі. Өйткені, олар жомарт болса қиындықсыз көмекке қол жетеді. 

3. УӘРАҒ (КҮМӘНДІ НӘРСЕДЕН САҚТАНУ) ӘДЕМІ:

 Бірақ ғалымдарда одан да әдемі. Өйткені, адамдар соларға қарап бой түзейді. Көп ісінде соларды өрнек қылады. 

4. САБЫР ӘДЕМІ:

Бірақ кедейлерде одан да әдемі. Өйткені, сабырдың арқасында сауап табады әрі жаны тыныш табады.

5. ӘРКІМНІҢ ТӘУБЕ ЕТУІ ӘДЕМІ:

Бірақ жастардың тәубеге келуі одан да әдемі. Алла Тағала тәубе еткен жастарды жақсы көреді. 

6. ҰЯТ КІМДЕ БОЛСА ДА ӘДЕМІ:

Бірақ әйелдерде одан да әдемі...

ummet.kz