24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Бесін 12:22
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Ғұмыры ұзақ, амалы жақсы болған адам

Ғұмыры ұзақ, амалы жақсы болған адам

Екі бәдәуи араб Пайғамбарымызға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) келіп:

- Уа, Алланың Елшісі, адамдардың ең жақсысы кім? - деп сұрақ қояды. Сонда Пайғамбарымыз:

- Ғұмыры ұзақ, амалы жақсы болған адам — деп жауап берді. Екінші бәдәуи:

- Ал ең абзал амал қайсысы? - деп сұрайды. Алла Елшісі оған:

- Тілің Алланы зікір етуден босамауы, — деп жауап берген». (Муснад)

Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді:  «Қиямет күні адам баласы осы төрт нәрседен сұралмайынша орнынан қозғалмайды:

1. Ғұмырын қалай өткізгендігі;

2. Тәнін қалай пайдаланғандығы;

3. Іліміне қалай амал еткендігі;

4. Дүние-мүлкін қайдан тапқаны мен қайда жұмсағаны». (Сунан Тирмизи)

материал «Ғұмырды сақтау» кітабынан алынды,

ummet.kz