24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Бесін 12:22
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Әй, дәруіш, ықылассыз адамға уағыз айтпа

Әй, дәруіш, ықылассыз адамға уағыз айтпа

Бір мұсылман бақсыға қарап:

 – Исламды қабылдайтын уақыт жеткен жоқ па? – деп сұрапты. Ал ол болса:

 – Құдай қалаған уақытта қабылдаймын. Алдымен хақиқатты ажыратып үйренейін, - дейді.

 – Сені Тәңірім жамандықтан құтқарғысы келеді. Жан дүниеңді сайтан билеп алған. Әй, байғұс, залым нәпсінің надандығы мен зұлымдығының қапасынан құтыла алмай жүргеніңді білесің бе? – дейді. Сонда бақсы:

 – Әлсіз болғаннан кейін амалсыз күші мықтыға бағынамын. Күштімен күресу қайда? Ондайларға бірден берілемін. Егер Тәңірсі мені құтқарып алғысы келсе, неге ол жан дүниемді түгел билеп алмайды? – депті.

Әй, дәруіш, ықылассыз адамға уағыз айтпа! Ықылассыз адамның сылтауы қойнында болады, надандығын сақтау ойында болады.

материал Мәулана Румидың «Піл туралы талас» кітабынан алынды,

ummet.kz