10 Шілде 2026, Жұма 25 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Неке қидырғанда мәһр сұрамаған едім, некем дұрыс па?

Неке қидырғанда мәһр сұрамаған едім, некем дұрыс па?

Егер некелері өзара ризалықпен, күәгерлердің көзінше қиылған болса және араларында жақын туыстық, құдандалы туыстық[1], сүт бауырлық, өзгенің некесіндегі әйел сияқты шариғи тұрғыда неке кедергілері болмаса, қиылған некелері дұрыс.

Бірақ, «мәһр» айтылмағандықтан, «мәһр мисл» берілуі тиіс. «Мәһр мисл» дегеніміз – қыздың туыстары арасында қай жағынан алғанда да өзіне тең келер әйелдерге берілген мәһрдің көлемі[2].

Дегенмен, сол кезеңде берілген "қалың малды" (егер қалың малдың мөлшері қыз тарапынан белгіленіп, қыздың рұқсатымен жасауына т.б. жұмсалған болса) «мәһр» ретінде есептеуге болады деген ойдамыз. Ең дұрысы – Аллаға аян! 

 

[1] Қыз алысып, қыз беріскен, сүйек шатысы бар (адамдар). Қ.Ә.С.;  құдалық арқылы дос, жолдас болған адамдар.
[2] Имам Маусули: Ихтияр - 2/126 бет.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz