25 Шілде 2026, Сенбі 11 Сафар 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 04:24
Бесін 12:26
Екінті 17:48
Шам 20:17
Құптан 22:16

«Кім Алладан қорықса, Ол оның ісіне жеңілдік жасайды» («Талақ», 4)

«Кім Алладан қорықса, Ол оның ісіне жеңілдік жасайды» («Талақ», 4)

Отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастары сенімділік пен тақуалық қасиеттерімен сүйемелденетін болса, онда олар, күдіксіз, бақытқа бөленеді.


Алла тағала айтады: «Кім Алладан қорықса, Ол оның ісіне жеңілдік жасайды» («Талақ» сүресі: 4).

Сенімділік пен тақуалыққа негізделген қарым-қатынас қана әділ болады, өйткені бұл қасиеттер мүмінге, оның істерінің кішісі де, үлкені де Раббысының бақылауында екенін ұмыттырмайды. Осы қасиеттердің берекесімен оның тілі мен қолы айналасындағы адамдарға зиян тигізбейді, керісінше мұндай адамның жүрген жері жақсылық пен қуанышқа бөленеді.

Алла Тағаланың бақылауын есінен шығарған адамның тілі мен қолы жамандыққа былғанады, әркімге зиян шектіріп, олардың сезімдерін кірлетеді, қақыларына әділетсіз болады, нәтижесінде, онымен көпшіліктің байланысы үзіліп, қадірі жоғалады.

материал «Отбасы бақытына апаратын отыз жол» кітабынан алынды, 

ummet.kz