03 Қараша 2026, Сейсенбі 23 Джумада әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 07:05
Бесін 12:03
Екінті 15:02
Шам 16:50
Құптан 18:19

Отбасын сақтаудың негізгі қағидасы – кінәласпау

Отбасын сақтаудың негізгі қағидасы – кінәласпау

Шағын ауылдардың бірінде екі отбасы көрші тұрыпты. Бірінің тұрмысы, татулығы кісі сүйсінерлік болса, екіншісі, берекесіз, нашар отбасы екен. Күн сайын ұрыс-керістен көз ашпайтын ерлі-зайыптылар «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» сипаттағы шаңырақтың құпиясын білмекке бекінеді. Ұят болса да аңдымақ болады.


Көп ұзамай, әлгі үйдің отағасы жұмыстан оралып, аяқ киімін қағып, шапанын жинай бергенде байқаусызда босағадағы сүт құйылған құмыраға тиіп кетеді. Сол мезетте ыдыс сынып, сүт төгіліп қалады. Сынған ыдыстың дауысын естіген әйел үйінен жүгіріп шығып:

Қап, отағасы-ай, кешіріңізші мені. Өзіңіз күні бойы бала-шағаның қамы үшін еңбек етіп, жұмыстан шаршап келгенде көңіл-күйіңіз бұзылды-ау. Мен де ақымақпын, осы ыдысты дұрыстау жерге қойсам болады ғой, -деп өбектейді. Сонда еркек: Жо-жоқ, сенің не кінәң бар? Өзің кешке дейін үй шаруасынан шаршап, балалармен әлек болып жүрсің ғой. Өзімнің тиянақсыздығым ғой. Қорбаң-қорбаң етіп жүрмесем нетті? Мен кінәлімін,-дей бергенде әйел:

Жоқ, жоқ, сіздің еш жазығыңыз жоқ,-деп таласа кетеді. Осылай екеуі кінәні бөлісіп, бастары соғысып жүріп ыдыстың сынығын жинап алады.

Бұл көріністі көрген көрші ерлі-зайыптылар сандарын соғып, «міне, мәселенің мәні қайда жатыр?» дескен екен. Мұндай мінез отбасында, қоғамда, енемен, бала-шағамен, әріптестермен қарым-қатынаста ауадай қажет. Кінәласпау, кішірейе білу – отбасын сақтап қалатын ең үлкен негіз. Кім ақылды болса, сол жеңіледі, кім ақылды болса, сол сабыр сақтайды...

материал «Отбасы брошюрасы» кітабынан алынды,

ummet.kz