24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Бесін 12:22
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Ерлі-зайыптылардың бөлмесінде Құран кітап тұрса бола ма?

Ерлі-зайыптылардың бөлмесінде Құран кітап тұрса бола ма?

Ерлі-зайыптылардың бөлмесінде Құран кітабы тұрса дұрыс па, әлде басқа бөлмеде тұрғаны дұрыс па?

Мәліметтерге қарағанда бір кісі сахаба Абдулла ибн Аббастан (р.а.): «Құран кітапты әйеліммен қатынас жасайтын төсегіме қойсам бола ма?» деп сұрайды. Сонда сахаба: «Иә» деп жауап береді1.

Осы риуаяттан ерлі-зайыптылардың бөлмесінде Құран кітабының тұруының әбестігі жоқ екендігін түсінуге болады. Дейтұрғанмен, бірнеше бөлмесі бар жанұяда Құран кітабын ерлі-зайыптылардың жатын бөлмелеріне түнде жатарда қоймағандары әдеп тұрғысынан абзалырақ деген ойдамыз. Ал бірлі-жарым бөлмелі шағын үйлерде жатын бөлмеде тұруының әбестігі жоқ, өйткені шағын үйлерде басқа бөлмеге қою мүмкіндігі бола бермейді, бастысы белден жоғары жерде тұрғаны жөн. Ең дұрысы - Аллаға мәлім! 

Абдурраззақ: «әл-Мусаннаф».

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz