Негізінде тақуалық — Алланы тапқандықтың нышаны. Бұл жөнінде сыр шерткен Атауллаһ әл-Искендері Хазіреті тақуалыққа жетіп, кіршіксіз таза жүрекке (қалбу салим) ие болған мүминнің халін қандай керемет бағалайды:
«О, Раббым! Сені тапқан пе жоғалттым? Сені жоғалтқан не тауыпты?».
Сондықтан да әрбір мүмин міндетті түрде мына әмірді орындауға мұқият болуы керек: «ӘРҚАШАН ТАҚУАЛЫҚТЫ ҰСТАН!»
Бұл дүниеде жақсылық пен жамандық алма кезек жүреді. Кейде басымызға аптық, жоқшылық төнсе, кейде молшылық пен кең заман орнап жатады. Кейде қиындық пен қайғы-қасірет жайлап, кейде өмірімізде қуаныш пен тыныштық орнап жатады.
Міне, осы белестердің қай-қайсысына тап болса да мұмин адам бір ғана халінен айнымай, сыр бермеуі керек. Ол хал жайында Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Қиындықта да, молшылықта да тақуалықтан айырылма!» – деп айтқан.
Яғни Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тақуалықтың тек қана белгілі жағдайларда емес, кез-келген халде бойымыздан кетпеуі керек екендігін айтады.
Хазіреті Мәулана: «Қуанышқа да қайғыға да алданба. Өйткені сенің жүрегің қонақ үйіндей, соны ұмытпа. Қуаныштар мен қайғылар келіп-кететін қонақтарың ғана», – деп айтқан.
Қиындық кезінде жүректің тазалығын бұзбай, сабырмен Алла Тағаланың көмегіне сүйіну керек.
Дәл сол сияқты молшылық пен қуаныш сәттерде де шүкіршілік етіп, сол қуаныштарға алданбау керек. Өйткені шаттық сәті адамға көп нәрсені ұмыттырып жібереді. Яғни рахат өмірді қуалап, нәпсімізге еріп өмірді зая қылмау керек. Молшылық кезінде шүкір етіп, таршылық кезінде Аллаға мұң айтуға болмайды. Бұл күлге жараспайды.
Молшылықта үнемі Хақ Тағалаға хамд сезімінде болып, иләһи қамқорлықтың шүкіршілігін өтеуге тырысу керек. Қиындық сәттерде сабырмен Алла Тағалаға бет бұрып: «Мен үшін қайырлысы осы шығар!» – дей білу керек. Тақуалықтың өлшемдері осылар.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Меккені алған күні ұлы жеңіске жеткеніне қарамастан: «Шын өмір ақыреттегі өмір», – деп, мұның бәрі Алла Тағаланың әрі жеңілдігі, әрі сынағы екендігін ұмытпай, асхабын шүкіршілік етуге шақырған болатын. Хондық соғысында да жеңістің алдындағы бастан кешірген қиын күндеріне мойымай: «Шын өмір ақыреттегі өмір», – деп, асхабын сабырлылыққа шақырған болатын.
материал «Ықылас пен тақуалық» кітабынан алынды,
ummet.kz