Жубайр ибн Мутъим (с.ғ.с) жеткізген хадисте «Алла елшісі айтты: «Менің бірнеше есімдерім бар. Мен Мұхаммедпін (Мақтаулы), мен Ахмадпын (ең көп мақтаушы), мен күпірлікті жоятын «Махиминмін».
Менен кейін адамдар тілейтін «Жамирмін» (Жинаушы), әрі мен «әл-Ақибпін». Әл-Ақиб ол Пайғамбардан кейін ешқандай Пайғамбар келмейді».
Хузайфа (с.ғ.с) айтты: Мен бір күні Мәдинаның көшелерінің бірінен Алла елшісін кездестіріп қалдым. Ол маған: «Мен Мұхаммедпін, мен Ахмадпын, мен мейірім Пайғамбарымын, мен тәубе Пайғамбарымын, мен барлық пайғамбарларды артынан ерітушімін (әл-Муқаффи), мен барша дұшпандарға қарсы соғыс пайғамбарымын (әл-Мулахим)».
Алла елшісінің (с.ғ.с) есімдері өте көп. Жалпы есімнің көп болуы оның құрметті екендігін білдіреді. Джазули деген ғалымның «Далаилул Хойрот» деген кітабында Алла елшісінің 100 есімі келтіріледі.
Алла тағала Қасиетті Құранда: «(Уа, Мұхаммед!) Біз сені күллі әлемге (күллі жаратылысқа) теңдесі жоқ мейірім ретінде ғана жібердік».
«Әлемдерге мейірім пайғамбары», есімі:
Мұхаммад
Ахмад
Мұстафа
Мұхаммадул Әмин
Махмуд
Музаккир
Әс-Сирожан Муниро
Әл-Муқаффи
Әл-Хашир
Әл-Махи
Әл-Ақиб
Наби Рохма
Наби Тауба
Наби Мулахим
Мутоххир
Муқтафин
Абдулла
Калимулла
Мансур
Алла елшісінің (с.ғ.с) көркем есімдері:
Шаһид
Башир
Насир
Мудассир
Музаммил
Ән-Наби
Расул Алла
Хотаман Набиин
Әл-Хади
Әл-Мағсум
Ән-Набиюл умми
Ән-Нур
Әл-Уәли
Әл-Хобир
Әл-Хаққул Мубин
Әл-Кәрим
Әл-Мәкін
Хабибулла
Алла елшісінің (с.ғ.с) есімдері өте көп. Сіздерді танысын деген ниетпен бірнешеуін ұсынып отырмын.
материал «Алла Елшісін көргім келеді» кітабынан алынды,
ummet.kz