10 Шілде 2026, Жұма 25 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Бесін 12:25
Шам 20:33
Құптан 22:24

Пайғамбардың (с.ғ.с) Әлиге (р.а) сүйіспеншілік артуының себебі

Пайғамбардың (с.ғ.с) Әлиге (р.а) сүйіспеншілік артуының себебі

Бір күні сахабалар хазіреті Әлдің (р.а.) мәртебесін білу үшін пайғамбардан (с.а.у.) былай сұрады:

 – Ей, Расулалла! Хазіреті Әлиге деген мұншалықты сүйіспеншілігіңіздің себебін айтасыз ба?

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

– Олай болса, Әлиді шақырыңдар! – деді.

Біреуі хазіреті Әлиді (р.а.) шақыруға кетті. Қалғандарынан пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деп сұрайды:

– Бір адамға жақсылық жасасаңдар, ал ол адам сендерге жамандық жасаса не істейсіңдер?

– Жақсылықпен жауап береміз.

– Сендерге үшінші рет жамандық етсе не істейсіңдер?

Үшінші рет сұрағанында ешкім жауап бермеді. Үнсіз бастарын төмен қаратты. Хазіретті Әли (р.а.) келгенде пайғамбарымыз (с.а.у.)  одан да дәл ол осы сұрақтарды сұрайды.

– Ей, Әли! Бір адамға жақсылық етсең, ол саған жамандық жасаса не істейсің?

– Жақсылық жасаймын.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) жеті рет сұрағанда да осы жауапты алды.

– Бәрі бір жақсылық етемін. Ей, Расулалла, әуре болмаңыз, қанша сұрасаңыз да берер жауабым осы.

Сахабалар бұл жауапты естігеннен кейін қайран қалып, пайғамбарымызға (с.а.у.) былай деді:

– Ей, Расулалла! Хазіреті Әлиге (р.а.) неліктен мұнша сүйіспеншілік артуыңыздың себебін енді түсіндік.

Біз де оны қатты жақсы көреміз...

материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz