Егер Алла тыйым салған бір іске тап келсең, мынадай күйде бол:
- буындарың ажырағандай болсын;
- сезімің өшсін - жүрегің тарылсын;
-тәнің өліп қалғандай сезілсін;
- үмітің үзілсін;
- салт-ғұрып пен сыртқы ресми әдеттерді ұмыт;
- Жанарларыңа барша мекен қап-қараңғы көрінсін;
- тұрған орның – құлап бара жатқан, ескі үй секілді болсын;
- Төбесі құлауға жақын, ал сен сонда дәрменсіз жатқаныңды сезін;
- Құлағың керең болсын – тіпті солай жаратылғандай бол;
- Ернің қимылдамасын, тілің – сөйлеуге қауқарсыз болсын;
- Тісің әлденеге қиналып, түсейін деп тұрғандай болсын;
- Қолың – еш нәрсені ұстай алмайтын шолақ;
- аяқтарың – жансыз, жүре алмайтын, орыннан қозғалмайтын хәлде болсын;
- Өзіңді жыныстық қатынасқа мүлде қауқарсыз сезін – тіпті мұндай нәрсені өміріңде білмегендей бол;
- Ішің – тамаққа толы болсын, ас ішуді қаламайтын күйде бол;
- Ақылың – адасқан, өзіңді есерге теңе;
- Өзіңді қабірге қарай бара жатырмын деп ойла...
материал «Бақыт формуласы» кітабынан алынды,
ummet.kz