Ғалымдар жарықты – ғаламдағы ең жылдам нәрсе деп біледі. Олар секунд сайын миллиондаған шақырымды өлшей алады, бірақ жүректен шыққан бір «Иә, Алла!» сөзінің аспанға қалай жететінін өлшей алмайды.
Жарық жұлдызға барса, ал дұға – Алланың құзырына барады. Ғалымдар аспанды зерттейді, жұлдыздардың қозғалысын есептейді, бірақ дұғаның бағытын түсіне алмайды. Себебі, дұға – физикаға емес, сенімге бағынған энергия. Біз жарық жылдамдығын білеміз, бірақ жүректің жылдамдығын ұмыттық.
Біз ғаламды түсінуге тырысамыз, бірақ дұғаның құпиясын түсінуге батылымыз жетпейді. Дұға еткен адам ешқашан жалғыз емес, ол Алламен байланыста. Жарық сөнсе де, дұғаның нұры ешқашан өшпейді.
Дұға – көрінбейтін сәуле. Ол көзге көрінбейді, бірақ жүректі жылытатын нұр.
Ол шексіз ғаламның ішіндегі ең шынайы байланыс желісі. Сен дұға еткен сәтте, Жаратушы «Қабыл еттім!» деп жауап береді. Міне, сол сәт – бүкіл ғаламнан да ғажайып құбылыс. Жарық тек жолды ашса, дұға – рухты ашады.
Біліңіз! Кімнің ойына кенеттен дұға қылу келсе, Алла оны қабыл еткісі келгені.
Кімнің ойына истиғфар айту келсе, Алла оны кешіргісі келгені...
Ал кімнің ойына Аллаға шүкір ету келсе, Алла оған арттырып бергісі келгені.
материал «Сен керексің!» кітабынан алынды,
ummet.kz