Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Иман деген не?» – деп сұрағанда «Біреуге тамақ беру және бәріне сәлем беру», – деді.
Тағы бір мәрте Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Күнәлардың кешірілуіне және дәрежелердің көтерілуіне себеп болатын істер қайсы?» деген сұраққа: «Біреуге тамақ беру және ел ұйқыда жатқанда ғибадат жасау», – деп жауап берді. «Қажылық сәтінде ең жақсы қабыл алынған іс қайсы?» деген сұраққа, «Біреуге тамақ беру және жақсы сөз айту», – деді.
материал Имам Ғазалидің «Жүрек сырлары» кітабынан алынды,
ummet.kz