05
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Таиландта тұңғыш мұсылман қонақүйі ашылды

Жаһан
Жарнама

Бангкок қаласында бой көтерген Al Meroz төртжұлдызды мейманханасы мұсылман қонақтарға барлық қажетті қызметтерді ұсынады. Қонақүйде 242 бөлме және намазханалар бар.

Жаңа мейманхана өзінің шариғат талаптарына сай қызметтері мен халал асхана кешені бойынша Малайзия, Индонезия және парсы шығанағындағы мұсылман мемлекеттері туристерінің қызығушылығын тудырады.

Айта кетсек, Таи елінің медициналық орталықтары көптеген жылдан бері араб елдері үшін таңдаулы саналады. Енді халал мейманхананың ашылуы туристер қатарын одан әрі арттыра түседі деп жоспарланған.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: