18
Сенбі,
Мамыр

һижри

«Құран жайлы таласқа түсу – күпірлік»

«Құран жайлы таласқа түсу – күпірлік»

Ислам тарихы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: «Құран жайлы таласқа түсу – күпірлік».

ТҮСІНДІРМЕ:

Бұл жердегі талас-тартыс – Құранның Алланың кәләмі екеніне күмән келтіру. Кейбір ғалымдар бұл жердегі талас-тартыс «Құран қадим (Алладан тікелей түскен) ба әлде хадис (жаратылған ба) па?» деп таласу мен мүтәшәбиһ аяттар жайындағы талас-тартыс екендігін айтқан. Мұндай дау-дамайды Алла Елшісі «күпірлік» деген. Әһл-бидғаттың пікірінен тыс, харам-халал сынды үкімдердің анықталуы, түсінілуі қиын сөздердің мағыналарын табу сынды дұрыс мақсаттарға негіздей отырып пікір алмасудың, тәпсір жазудың жақсы амалдардың қатарына жататындығы айтпаса да түсінікті. Құранға қатысты осындай тақырыптар сахабалар дәуірінен келген. Тиби былай дейді: «Хадисте тыйым салынған талас-тартыстар – Құран кәрімнің кейбір аяттарын терістеуге бағытталған пікірталастар».

материал «Сүннет энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: