21
Сейсенбі,
Мамыр

һижри

«Жолға шық, бірақ, жолдан шықпа»

«Жолға шық, бірақ, жолдан шықпа»

Ғибратнама
Жарнама

Тасаууфта екі түрлі сапар бар. Біріншісі заһири, яғни тәнмен болатын сапар болса, екіншісі батыни, яғни жанмен болатын сапар.

Тәнмен болатын сапар бәріне белгілі. Міне біз де дәл қазір сол сапарда кетіп барамыз.

Ал жанымен, көңілімен болатын рухани сапар – сапарлардың ұлысы және ең маңызды сапар.

Құшайри: “Тәнімен сапарға шыққан мыңдаған жанды көресің, ал жанымен сапарға шыққандарды аз кезіктіресің”, — деген.

Рухани сапар надандықтан ілімге, жаман мінезден көркем мінезге қарай бет алумен басталып, өзінің нәпсілік мендігін артта қалдырып, Алламен қауышқанға дейін жалғасатын машақаты мол сапар.

Басқаша айтсақ, нәпсінің ең төменгі сатысы болған нәфс-и аммарадан нәпсінің ең жоғарғы сатысы болған нәфс и камилаға қарай сатылап жоғарылайтын рухани кәмілдікке жетелейтін бір сапар.

Сопылар осы сапарға маңыз беріп, рухани жолға шығуға шақырған. Алайда, адасып кетпеуді де қатты ескерткен. Сондықтан да сопылар “жолға шық, бірақ жолдан шықпа” деген.

материал ««Тасаууф тұңғиығынан»» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: