05
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Ислам психотерапияда тиімді деп танылды

Жаһан
Жарнама

Ұлыбританияда діни мазмұндағы рәсімдер арқылы психикалық дерттен айықтыру бойынша жаңа тәжірибе жүзеге асырылды.

Британия Ұлттық денсаулық сақтау жүйесі жобасы Лидс университеті мамандары зерттеуі бойынша пайда болды. Жобаға сәйкес, мұсылман емделушілер үшін психотерапия емінде діни рәсімдерді қолданудың емдік әсері айқындалды, деп жазады BBC.

40 жастағы Самия есімді британдық әйел ұзақ уақыттан бері депрессиядан зардап шеккен. Ол осы тәжірибеге қатысуға қуана келіскен. «Мен өзімді әрдайым сырттай күшті секілді көрсеткім келгеніммен, іштей шын мәнінде, мүлде әлсіз едім» дейді Самия.

Профессор Газала Мирдің айтуынша, психикалық дертке шалдығушы адамдар көп жағдайда Жаратушы Алла Тағалаға тіл тигізген болуы мүмкін. Дегенмен, психолог және психиатр мамандар қандай да бір дінді емделушілерді айықтыру мәселесіне кірістіруді қаламайды. «Біз мұсылман халқы арасында психикалық дертке шалдыққандарды емдеуде діни рәсімдердің өте пайдалы боларына көз жеткіздік» деп атап өтті профессор.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: