05
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Биыл 5 мың өзбек азаматы қажылық жасайды

Жаһан
Жарнама

Биыл көктемгі маусымда Өзбекстан республикасынан 5,35 мың мұсылман Ұмра қажылығын өтейді. Бұл туралы Өзбекстан Министрлік кабинеті жанындағы Дін істері комитеті баспасөз қызметі хабарлады.

Комитеттің мәлімдеуінше, республика азаматтарын қажылыққа жөнелту 20 ақпан мен 1 сәуір аралығына жоспарланған.

Қажыларға қажетті қызметтерді көрсетуге Өзбекстаннан 8 дін қызметкері, 27 дәрігер мен 8 аспазшыдан тұратын арнайы жұмыс тобы да қоса жіберіледі.

Айта кетсек, Сауд Арабиясы 2017 жылдан бастап Өзбекстаннан келетін қажыларға бөлінетін квотаны 5,2 мыңнан 7,2 мың адам аралығына көбейтті.

Дін істері комитеті деректеріне сәйкес, Өзбекстандағы 30 миллион халықтың 94%-дан астамы ислам дінін ұстанады.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: