29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Өрттен қорғалған Құран кітаптары

Жаһан
Жарнама

Бүгінгі күнге дейін көпшілік оқырман әртүрлі өрт пен қызыл жалын ішінен Құран Кәрім кітаптарының дін аман қалғаны туралы естіп, біліп келеді. Дәл осындай оқиға 16 қаңтар күні Үндістанның Хайдарабал қаласында орын алды.

Көпқабатты үй пәтерлерінің бірінде шыққан өрт санаулы минуттар ішінде бар жиһаз бен электр техникаларын күлге айналдырған. Пәтердің тек пәтер аты қалғаны болмаса, еш тамтығы қалмастан өртеніп кетеді. Алайда, қасиетті Құран аяттары жазылған кітап, жайнамаз бен Аятүл-Күрсі жазылған плакат қағаз дін аман шыққан.

Дәл мұндай жағдай өткен жылдың соңында Жапонияның оңтүстігіндегі Цукуба қалалық мешітінде де болған. Қызыл жалын мешітті түгел өртке орағанымен, ондағы Құран кітаптарына ешбір нұқсан келмеген.

Сонымен қатар, 2016 жылы Біріккен араб әмірлігі Аджман өңіріндегі өртенген пәтерден Құран кітабы бүтін шыққан. 2012 жылы Индонезияда көмір зауыты жатақханасы мен күзетшілер үйі күлі қалғанша өртенгенімен, Құран Кәрім кітабы таза қалпында қалған.

Сондай-ақ, Сенегалдағы автобус стансасы дүкенінде ірі өрт шығып, тек қана мұсылман кітабына зиян келмеген.

Барша мұсылман қауымына белгілі болғандай, Жаратушы Алла Тағала қасиетті Құран кітабын ешқандай зиянға ұшыратпай, өзі сақтайды. Көз көріп, құлақ естіген бұл оқиғалар баршамызға бір сәт ойлануға сабақ болар деп сенеміз.

 

Коран

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: