02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

«Жүкті әйелге тігіс тігіп, тоқыма тоқуына болмайды» деген рас па?

«Жүкті әйелге тігіс тігіп, тоқыма тоқуына болмайды» деген рас па?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Жүкті әйелдің тоқыма тоқып, кесте тігуіне қатысты айтылған тыйымның негізі жоқ. Бұл ескі славян халқынан туындаған наным. Исламда жоқ дүние.

Аталмыш наным бойынша, жүктілік кезінде тігінмен және тоқымамен айналысу – баланың дүниеге келу жолын торлап, әрі өзіңіз айтқандай, кіндігіне оралып қалуына алып келеді-мыс.

Бұндай ырымның астарында, қимылдамай, көп отырып қалмасын, әйтпесе, көп отыруының салдарынан босануы да қиынға соғуы мүмкін деген қауіп жатса керек. Дегенмен, қазіргі медицина аяғы ауыр әйелдің тоқыма тоқып, кесте тігуінде ешқандай қауіп жоқ дейді. Қайта, ол тыныштандыру тұрғысынан пайдалы екен. Ең бастысы, онымен айналысып ұзақ уақыт отырып қалмауға мән бергені жөн. Себебі бір қалыпта көп отыру іштегі бала үшін оттегі жетіспеушілігіне алып келуі мүмкін дейді мамандар.  

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: