06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Шүкір ететін нәрсені қайдан табамын?

Шүкір ететін нәрсені қайдан табамын?

Ислам тарихы

Метрода, университет пен мектеп ауласында кедір-бұдырлы сары жолақ бар. Ылғи соның үстімен жүремін.

Санамдағы кішкентай Мирастың қалауы сол. Соның үстімен жүрген сайын екі нәрсеге шүкір етуді түсінемін. Біріншісі, осы жолақпен таяқты сытырлатып жүрмей, яғни зағип болмағаныма, екі көзімнің бар болғанына, керемет жақсы көретініне; Екіншісі, табаныма кедір-бұдырдың білінген кезінде екі аяғымның сау екеніне. Себебі талай аяқтан қалған жандар бар, олар табанына қиыршық тастың батқанын армандайды.

Шүкір етуге себеп өз ағзамызда толып жатыр. Дүниеге келгелі бері көзімізге көрінбейтін ішкі асқазанымызда үзіліссіз жұмыстар жүріп жатыр. Жеген тағамымыз ұсақталып, сілекеймен шыланып, жұтылып, асқазанға түседі. Қоректі ұсақтап, пайдалысын бір жаққа, пайдасызын сыртқа шығаруға бір мүшелер қызмет етіп жатыр. Пайдалы заттары ары қарай өңдеп, қанға жіберіп, бүкіл ағзаға жеткізіп жатыр. Миллиондаған процесс дәл осы сәтте ағзамызда орын алып жатыр. Солардың бірі істен шықса, басқасына әсер етеді.

материал «Мінезді өзгерту алхимиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: