29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Оманда күннен қуат алатын мешіт ашылады

Жаһан
Жарнама

Оман сұлтанатында күннен қуат алатын тұңғыш мешіт құрылысы аяқталуға жақын қалды. Бұл туралы Time of Oman хабарлады.

Жоғары технология жетістіктері қолданылған ғажап мешіт қалыптасқан ғибадатханалармен салыстырғанда электр энергиясын 60%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жоба авторы, инженер Бадр әл-Хадабидің сөзінше,  сонымен қатар су шығынын да 40%-ға дейін төмендетуге болады.

«Жоба құрылысы аяқталуға таяу. Жұмыстың 90%-ы бітті, енді мешіт шатырына күнге қараған тақтайшалар орнатудамыз. Бұл әлем бойынша тұңғыш «жасыл мешіт » болады. Мен осы мешіттің ең жақсы үлгі болатынына сенемін» дейді инженер.

Әл-Хадаби «жасыл мешіт» жобасын тегін әзірлеген. Ол өз жұмысын туған сұлтанатына тарту деп түсіндірді.

Айта кету керек, соңғы жылдары мешіттерге күн энергиясы жүйесін енгізу бастамалары бірқатар елдерде, оның ішінде Солтүстік Африкада да пайда болды.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: