30
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Су тасқынынан зардап шеккен 300 отбасыға азық-түлік таратылды (фото)

Су тасқынынан зардап шеккен 300 отбасыға азық-түлік таратылды (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына барған сапарында орталық мешітте қайырымдылық іс-шарасына қатысты. Қайырымдылық іс-шарасы барысында су тасқынынан зардап шеккен 300 отбасыға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік себеттері таратылды.

«Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) күллі адамзатқа жолдаған өсиетінде ең жақсы адамның бойындағы ізгі қасиетін тілге тиек етіп: «Адамдардың ең жақсысы – адамдарға пайдалы болғандары», – деген. Алла Тағала сіз бен бізді айнала-төңірегімізге пайдалы болған мұсылмандардан еткей. Алла Тағала Құранда «Рахман» сүресінің 60-аятында: «Жақсылықтың қарымы – дәл сондай жақсылық» деп уәде еткендей, жасап жатқан қайырымды істеріңіздің қайырын көріңіздер, бауырлар! Алла Тағала бұл сынақтың соңын жақсылыққа ұластырғай» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бөлісу: