27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Рамазанның алғашқы аптасында 5055 отбасыға көмек көрсетілді

Рамазанның алғашқы аптасында 5055 отбасыға көмек көрсетілді

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Рамазан айының алғашқы аптасында және «Наурызнама» аясында республика бойынша Қайырымдылық күніне орай 5055 отбасына азық-түлік себеттері таратылды.

Тарқатып айтқанда, өңірлер бойынша көрсеткіш төмендегідей: Астана  қаласы – 1250, Алматы қаласы – 100, Алматы облысы – 300, Ақтөбе қаласы – 383, Ақмола облысы – 20, Жетісу облысы –250, Атырау облысы – 100, БҚО – 100, Жамбыл облысы – 90, Ұлытау облысы – 60, Қарағанды облысы – 300, Қостанай облысы – 13, Қызылорда облысы – 610, Маңғыстау облысы – 10, Павлодар облысы – 100, Түркістан облысы –360, Шымкент қаласы – 600, СҚО – 100, Абай облысы – 30 және ШҚО – 200.

Сондай-ақ 3 мүгедектер үйіне, 2 балалар үйіне және 2 қарттар үйіне қайырымдылық көмек көрсетілді. Одан бөлек, 15000 отбасына ауызашар дастарқаны жайылды.

Бөлісу: