27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Ислам парақорлықты айыптайды

Мешіт тынысы
Жарнама

24 ақпан күні ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, "Нұр Астана" орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Агенттіктің ұйымдастыруымен өткен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы діни бірлестіктердің маңызы" тақырыбындағы Республикалық селекторлық дөңгелек үстелге қатысып, "Ислам парақорлықты айыптайды" тақырыбында баяндама жасады.

Аталған жиынның маңызы өте зор. Себебі "жаяудың шаңы шықпас" - демекші,  қоғамның індеті атанған жемқорлықпен күрес, парақорлықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру тек құзырлы органдардың ғана міндеті емес. Бұл бүтіндей қоғам болып, әрбір жанұя, әрбір ата-ана болып, жаппай есі түзу азаматтың барлығы ат салысуы тиіс болған күрделі мәселе. Наиб мүфти өз баяндамасында: "Cыбайлас жемқорлық - кез-келген қоғамның індеті. Адамдық тұрғысынан да, діни тұрғыда да оны ақтап алу мүмкін емес. Шариғаттағы жемқорлықтың үкімі - харам. Яғни, үзілді-кесілді тыйым салынған. Асыл дінімізде жемқорлық үлкен күнәлар қатарына жатады. Пайғамбар (ғ.с.) хадисінде параны алушының да, берушінің де, арасында жүрген делдалдың да үлкен күнәхар екендігі айтылған" - деп, осы тұрғыда ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасымен атқарып жатқан муфтият жұмыстары туралы, жылына бір мәрте еліміздегі барлық мешіттерде "Парақорлықтың зияны" турасында жұма уағызы жүргізіліп, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілетіндігін, сондай-ақ, 2015 жылы Республикалық имамдардыі І-ші форумында қабылданған негізгі төрт құжатта да парақорлық сынды індеттерден сақтану турасында айтылғандығын атап өтті.

16996247 250687678712985 834521490889548231 n

 

«Нұр Астана» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Бөлісу: