06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Ұлық мейрам ұлттық нақышта өтті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Нұр Астана» мешітінде айт намазын өткізген мұсылман қауымы ұлық мейрамның игілікті шараларына қатысты. 

ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы көпшілікпен бірге осынау мейрамды бұқара болып атап өтуге атсалысты. Қазыналы қарияларға арнайы мерекелік концерттік бағдарлама қойылып, әннен шашу шашылып, жырдан арнау айтылды.

Бұл күні мешіттің әйелдер жамағаты көпшілікке дәмді, тәттілерін, мерекелі ас-тағамдарын ұсынса, ерлер арасында қол күрес, арқан тартыс, кір тасын көтеру, асық ату сынды ұлттық ойын жарыстары өткізілді.

Спорттық сайыста топ жарып, оза шапқан азаматтар мешіттің арнайы сый-сияпатына ие болды. Құрбан айт мейрамында балғын балалар мен жеткіншек жастар да назардан тыс қалмады. Айттық тәттілер таратылып, үлкен қаланың кішкентай тұрғындары да мерекенің жылуын сезінді.

 

 

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: