05
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Қарияға құрмет – ұрпаққа міндет (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Елорданың еңселі құлшылық үйі "Нұр Астана" орталық мешіті бүгінде үлкен мәдени шаңыраққа айналған. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, "Нұр Астана" мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы мешіт жамағатының ауызбіршілігіне үлкен маңыз беріп, әртүрлі рухани-мәдени шаралар ұдайы ұйымдастырылып келеді. 

Кешкілік мешітте жайылған ақдастархан да осындай дәстүрлі шараның бірі болды. Наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биылғы қажылық маусымының келуіне орай мешіттің тұрақты жамағаты, Нұржан Сейтбаев ағаға сауапты сыйлық тарту етті. Иісі мұсылман баласы үшін қасиетті де қадірлі Мекке шаһарында Қағбаға қажылық ету жолдамасы абыройлы ақсақалға табысталды. 

Нұржан аға өз кезегінде орталық мешіттің бас имамы мен дін қызметкерлеріне риясыз алғысын айтып, батасын берді.

 

"Нұр Астана" орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: