05
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Халал өнімдерінің сапасы тексерілді (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Әнуарбек Елжанов пен ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің Астана қаласы бойынша өкілі, «Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат Сәлімов елордамыздағы бірқатар мекемелерді аралады.

Атап айтсақ, «Әзірет Сұлтан» мешітінде орналасқан «Мумтаз» мейрамханасы, «Хан-Шатыр» ойын-сауық орталығындағы «Mavera», «Азия Парк» сауда орталығындағы «KFC» асхана желілері мен «Нуриддин тур» ЖШС-нің «Төрт түлік» фермерлік дүкені өнімдеріне кезекті тексеріс жұмыстары жүргізілді.

Жұмыс барысында аталмыш мекемелердің халыққа ұсынған өнімдерінің сапасы, табиғи құнарлылығы мен тазалығына жіті мән беріліп, ұсыныс-кеңестер айтылды.

Ал өз кезегінде аталған мекеме өкілдері өнімдерді әрқашан халыққа халал стандартына сәйкес әзірлеп, адал қызмет қылатындықтарын жеткізді.

 

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: