27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Білімде лақаб атқа ие болған ғұлама аналар

Білімде лақаб атқа ие болған ғұлама аналар

Дін және ғылым
Жарнама

Имам Әбу Ханифа (р.а) бір сөзінде: «ғалымдардың өмірі туралы оқу – маған фиқһ жайлы білуден де артығырақ»,- дейді.

Демек, біз де ғұламалардың өмірін көбірек оқуымыз керек. Бәлкім, хикметін оқыған соң түсіне жатармыз.

Сонымен, білімде лақаб атқа ие болған ғұлама аналар:

Ибн Наср Ахмадтың қызы Шухда есімді ғұлама. Әйгілі фақиһтердің шәкірті болған. Бағдадтағы Сарай Джами алаңында және үйінде кең аудиторияғадәрісберебастады.Ол (Әйелдердің мақтанышы) құрметті лақап атына ие болған. Шухда 574 жылы 90 жасында қайтыс болды. Неміс шығыстанушысы А.Кремер Шухда жасаған дәрістердің тезистерінен тұратын қолжазбаның жеке кітапханасында сақталғанын атап өтеді.

Шейх Таки ад-дин әс-Субкидің қызы диплом алғаннан кейін, Дамаск маңында орналасқан мешітте дәріс оқыды. Яхья ибн Адамның «Китаб әл-харадж» еңбегіне шарх жазғаны үшін оған Ситт аль-Фукаха (Фақиһтердің ханымы) атағы берілді. Ол 726 жылы 92 жасында қайтыс болды (1326 г.).

Сирияда әйгілі уағыздаушы өмір сүрді, ол Ситт аль-улама (ғалымдардың ханымы) деп аталды, оның шешен уағыздары оған «Бұлбұл» деген тағы бір лақап ат берді. Ол қайтыс болған кезде, зиратқа оның туыстарынан бөлек, көптеген әйелдер келген еді.

Абдул-Ваххаб ибн Умар ибн Касирдің қызы атақты ғалымдардың қолынан диплом алғаннан кейін, 9 ғасырдың басында танымал болды. Мухаддис ретінде оған Ситт аль-Кудат (Қадилердің ханымы) деген атақ берілді.

Ислам тарихында «шейхуль ислам» деген атпен танымал ер ғалымдар өте көп. Бірақ жоғарыдағыдай лақаб есімдермен танылған ғұлама аналар да бар екенін біле жүріңіздер)

Ситт Әл-Узара әл-Танухия VIII ғасырдағы Сириялық хадис ғалымы. Ол Хусейн ибн әл-Мубәрак әл-Забиди және Әбу әл-Мунаджжа Ибн әл-Латтидің соңғы шәкірті болған. Ибн Касирдің жеткізуі бойынша, ол соңғы демі таусылғанша, өмірінің соңғы күндеріне дейін білім берумен айналысқанн.

Араб тілінде “ситт” сөзі ғылымда ерекше дарыны бар әйелдердің есіміне жалғанып айтылуы – құрметтілікті білдіреді. Мысалы, Мысырдың әулеті Фатимидтің ханшасы Ситт әл-Мүлк деген атаққа ие болған. Ситт әл- Құдат (сөзбе-сөз басшы немесе сот) . Ол XIV ғасырда Дамаскіде өмір сүрген хадис және фиқһ ілімдерінің әйел сарапшысы болған. Сондай-ақ, Ситт әл-Араб және Ситт әл-Аджам сол ғасырда өмір сүрген көрнекті хадис ілімінің сарапшылары болған. Басқа бір ақпарат көзінде Ситт Әл-Узара мынадай ұзақ есімен аталған – Ситт әл-Узара бинт Омар ибн әл-Мунаджжа, яғни әл-Мунаджжаның ұлы болған Омардың қызы дегенді білдіреді.

Ғалымдық жолына келер болсақ, білім беруде ерекше берілгендік, табандылық пен төзімділік Ситт әл-Узарада айқын көрініс тапты. Оның хадистер таратудағы үлкен рөлінің дәлелі Сахих әл-Бұхаридің өрнектелген алғы беттегі басты тақырыбында көрсетілген. Онда әл-Фирабридің жеткізушісі, Ситт әл-Узараның иснады (яғни хадистерді жеткізу қатары) деп хабарланған. Басқаша айтқанда, хадис таратушы хадистерді жеткізушінің қатарын Ситт әл-Узарадан жеткен хадистермен толықтырған. Мұхаммад Әкрам Надуидің "әл-мухаддисат" - атты кітабында Ситт әл-Узараға қатысты мынадай қызық дерек беріледі: «Ситт әл-Узара Бұхаридан, Әл- Задибиден хадис жеткізген әлемдегі ең соңғы әйел адам және 716 жылы қайтыс болған».

Ситт әл-Узараның өмірінде көптеген шәкірттері болған. Олардың арасында қарапайым тұрғындардан бастап танымал ғалымдарға дейін болған. Ғұмырын дін қызметіне арнаған анамыз тоқсан жастан асқан шағында Раббысына қайтады.

материал «Әйел және ілім» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: