27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Намазымды бұзатын нәрселерге жол бергім келмейді

Намазымды бұзатын нәрселерге жол бергім келмейді

Ғибратнама
Жарнама

Һакам ибн Уяина (р.а.) намазда тұрғанда тек Алланы ғана ойлап, басқа дүниені ұмытатыны соншалықты, тіпті жанында адам бар екенін сезбейді екен.

Ол: «Намаз оқып тұрып оң мен сол жағында кімнің тұрғанын ойлағанның намазы, намаз емес» – деген. Әрине, бұл да бір тақуалықтың шыңы болса керек.

Халаф ибн Әюбтан: «Шыбындар сені мазаламайды ма? Неге оларды қолыңмен жасқамайсың?» – деп сұрағанда, ол: «Намазымды бұзатын нәрселерге жол бергім келмейді» – деп жауап қайтарады. «Сонда оларға қалай шыдайсың?» – дегенде: «Патшаның алдында жазалы болып, дүре соқтырған адамдар сабауына шыдап, дыбыс шығармайды. Тіпті бұл жазасын мақтаныш тұтады екен. Олай болса, мен Раббымның құзырында тұрғанда, болмашы ғана шыбынның ызыңын елемегенді дұрыс деп білем» – деп, намазда тұрғанда көлденең ештеңеге көңіл бөлмеу керектігін ұқтырған екен.

материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: