30
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Сахабалардың құлшылық жасауда тұрақтылық танытуы

Сахабалардың құлшылық жасауда тұрақтылық танытуы

Ислам тарихы

Айша анамыз (оған Алланың разылығы болсын):

“Мухаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үй-іші қандай да бір амалдарды орындайтын болса, олар оны кейін тастамайтын” - деген. (Муслим 782). 

Атақты табиғиндердің бірі Әлқама: “Мен Айшадан: «Уа, мүміндердің анасы, Алланың Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) амалдары қандай болатын? Ол қандай да бір күндерді ерекшелейтін бе еді?», - деп сұрадым. Ол: «Жоқ, оның амалдары тұрақты болатын. Бірақ сендерден кім Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жасай алатынды жасай алмақ?!»,- деп жауап берді” - деген. (Муслим 783).

Ал ғұлама Абул Фараж бұл туралы: «Қандай да бір амалды істеп жүріп, оны тәрк еткен адам қалаған орнына жетіп тұрып, одан теріс айналып кеткен адам сияқты. Сондықтан да Құран аяттарын жаттаған соң, оны ұмытқан адамға қатысты қатаң ескерту бар», – деп түйіндейді.

Әш-Шәғбиден: «(Құлшылықта ынта таныту үшін) қайсы ай жақсырақ: ережеп пе (ражаб), Шағбан ба?», - деп сұрағанда, ол: «Аллаға әркез құлшылық етуші бол, әрі «шағбаншы» болма!», - деп жауап берген екен.  (“әл-Ләтаиф” 396).

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: