27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Иғтикәф жасаушыға мешітте тамақ ішуге бола ма?

Иғтикәф жасаушыға мешітте тамақ ішуге бола ма?

Ислам тарихы

Иғтикәфқа кірген адам мешіт ішінде тамақ ішуіне, жеуіне, ұйықтауына, жақсы сөз сөйлеуіне болады.

Өйткені Пайғамбарымыз (с.ғ.с) иғтикәфқа кіргенде тек мешітте болады. Сондықтан мешіттен шықпай-ақ тамақтануға рұқсат. «Бәдәиғ әс-санайығта»: иғтикәфтан тамақ жеуге, су ішуге, ұйықтауға, ауруды зиярат етуге және жаназа намазына қатысуы үшін шықпайды. Ұмытып не біліп тұрып шықса да иғтикәфы бұзылады» делінген.

Сонымен қатар мешіттің ішінде отырып, тауарды әкелмей сауда істерін басқаруға болады. Себебі бұлар иғтикәф жасаушыға қажет. Ал одан басқаларына мешітте саудаласуына жол берілмейді. Алла Елшісі (с.ғ.с): «Егер сендер біреудің мешітте бірнәрсені сатып жатқанын немесе сатып алып жатқанын көрсеңдер, оған: Алла сенің саудаңды пайдасыз етсін», - деп айтыңдар», - деген.  

материал «Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: