30
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

«Мамыр айында үйленуге болмайды» деген рас па?

«Мамыр айында үйленуге болмайды» деген рас па?

Ислам тарихы

Мамыр айында үйленбеу керек деп астрологтар айтады.

Олардың сенімінше мамыр айында күн Алголь  есімді жұлдыздың жанынан өтеді екен де, сол себептен, аталмыш жұлдыздың жағымсыз әсері тимей кетпейді-мыс. Бұнымен қатар, май айында күн Гиадам және Плеядам дейтін жұлдыздармен де байланысатынға ұқсайды. Аталмыш қос жұлдыз осы айда тұрмысқа шыққан әйел қауымына бақытсыздық әкеледі дейді.  

Алайда бұның Ислам дінінде ешқандай негізі жоқ. Дінімізде үйленуге болмайтын сәтсіз ай жоқ. Барлық ай сәтті. Сондықтан да, мамыр айында үйленуді жаман ырымға балаудың қажеті жоқ.  

Бақытты не бақытсыз болу әуелі Алла Тағаланың қолында. Одан соң, ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген қарым-қатынастарына байланысты. Ал, өзара қарым-қатынастың қалай болмақ керектігі дінімізде анық көрсетілген. 

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: