27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Сапарда ораза ұстаған дұрыс па, ауыз бекітпеген дұрыс па?

Сапарда ораза ұстаған дұрыс па, ауыз бекітпеген дұрыс па?

Ораза

Ораза ұстау жолаушыға қиындық тудырмаса, ораза тұтқаны абзал.

Алла Тағала жоғарыдағы аяттың жалғасында былай дейді: «Білсеңдер сендер үшін ораза ұстауларың абзал»[1].

Сапарда рұқсатты пайдаланып аузын ашқаны үшін сауапқа ие болады. Ал оразаны ұстаса, одан көбірек сауапқа кенеледі. Егер ораза ұстауы өзіне немесе жолсерігіне қиындық тудырса (яғни жолсеріктерінің ауыздары ашық болып, бірге ішіп-жесе) аузын ашуы абзал[2].

[1] «Бақара» сүресі,184-аят.

[2] «Радду әл-мухтар», 3/406.

материал «Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: