«Сенімнің ақиқаттығына оның ұғынықты болғаны үшін емес, оны жиі қайталайтыны үшін сенеді…»
Оскар Уальд Дін адам санасын басқарудағы пәрменді қуат. Бұл пайымға қатысты аргумент өте көп. Қазіргі заман рационалды ойлау қабілетінің тапшылығының ауқымы барынша үлкен екенін көрсетіп отыр. Барған сайын адамдардың білімнің сенімді қайнар көзіне қол жеткізуі, күнделікті толассыз ақпарат ағынын меңгеріп, сараптауы қиындап барады. Көп жағдайда дінді сенім деп түсінеміз...көзсіз сенім болса да оны ешкім жоққа шығармайды. Дегенмен де, діннің қауқары рухани құндылықтарды қалыптастыруға да, бұзуға да жететінін түсінген жөн. Діни сенімнің жаппай қылмысқа да жетелеуі мүмкін, осы жайында ойланып көрмедіңіз бе? Әлемде күнделікті орын алып жатқан кісі өлтіру, өзіне өзі қол жұмсау, зорлықтың бірсыпырасы діни сенімнің салдарынан болып отыр. Діни сенімнің жалған ілімі мен бүлдіргіш күшін қалай анықтаймыз? Егер іліміңіздің дұрыстығына көзіңіз жетпей тұрса қандай позиция ұстану керек? Сыни ойлау жүйесін қолданған маңызды. Рационалды, аналитикалық ойлау қабілеті төмен адамдар дін атын жамылған дестурктивті теріс ағым арамзаларының торына алғашқылардың бірі болып түседі. Теріс діни ағым ықпалына түсіп қалсаңыз, өзіңізге өзіңіз сұрақ қойып, жеке зерттеумен айналысу керек. Сыни ойдың сұрақтар мысалы - Бұл діни ағым ҚР ресми тіркелген діни ұйымдардың ілімі ме? - Ол ұйым өз сеніміне келгенде бірбеткейлікті (фанатизм) ұстана ма, жоқ әлде балама таңдауды мойындай ма? - Сен азаматтығын алған елді, сол елдің дәстүрлі діни ілімі мен дәстүрлі имамдарын ол ұйым немесе оның өкілі мойындай ма? - Ол ұйымның өкілдері қоғамнан жасырына ма? - Өз ілімін олар қасиетті жазулармен негіздей ме және оны өз талқыларында қаншалықты жиі қолданады? - Ол ұйым өз көзқарасымен келіспегендерді, өзге діни сенімді, мемлекеттік қызметкерлердің беделін түсіргісі келе ме? - Қызу талқы кезінде сол ілімді жақтаушы агрессияға бой алдыра ма? - Ол ілімнің өкілі аса өнегелі адам ба? - Ол діни ағымның көшбасшысы бар ма? - Олар садақа ретінде қаржылай жарна жинай ма? Дін атын жамылған теріс ағымның негізгі белгілері - Ол ресми түрде танылмаған және тіркелмеген ұйым - Ол ұйымның жақтаушыларының іс-қимылы, ойлау қабілеті, өмірлік салты бірбеткей және де олар өздерінің діни көзқарасымен келіспейтіндермен араласпайды - Аталмыш ұйым жақтаушылары топтасып құлшылық жасайды, алайда діни рәсім жасалатын ресми жерлерден (мешіт, шіркеу) бойларын аулақ ұстайды - Аталмыш ұйым жақтаушылары өздерінің діни ілімін жасырып жүреді - Діни доктриналарды бұрмалайды - Қаржылай көмек көрсетеді - Өз сенімімен Сіздің сөздік қорыңызды, ойын-сауығыңызды және өмір салтыңызға шектеу қояды «Астана қаласы әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ