09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Бесін 12:25
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Дін және Қазақстандағы діни ахуал

Дін – Қазақстандағы қоғамның әлеуметтік құрылымында мағызды орынға ие қоғамдық институт.

Қоғамда адамның жүріс-тұрыс нұсқамалары мен норма жүйесі ретінде өмір сүріп, қоғамдық сана мен құндылықтардың бір түрі ретінде ол қоғамдық қатынастардың идеясын анықтап, реттеп отырады. Әлемдегі негізгі діни ағымдардың бірі – ислам, христиан және буддизм. Қазіргі таңда жербетінде 2,3 млрд астам христиан бар. Мұсылмандардың саны 1,6 млрд-тан асып жығылады. Ал буддизмді ұстанушылар саны 800 млн-нан астам. Біздің елімізде негізгі деген барлық діни ағым өкілдері бар, Тәуелсіздік алған жылдардан бері олардың барлығы бейбіт күн кешіп келе жатыр. Алайда, Аль Каида, «Шығыс Түркістанның ислам қозғалысы», «Өзбекстанның ислам қозғалысы», «Күрд халық конгресі», «Асбат аль-Ансар», «Мұсылман бауырлар», «Талибан қозғалысы», «Боз гурд», «Орта Азия моджахедтерінің жамағаты», «Лашкар-е-Тайба», «Қоғамдық реформалар қауымдастығы», «Хизбут-Тахрир», «АУМ синрике», «Түркістанның Ислам партиясы» Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы, «Алля-Аят», «Ата жолы», «Джунд-аль-Халифат», «Сенім. Білім. Өмір», «Таблиғи жамағат», «Ат-такфируаль-хиджра», «Ислам мемлекеті ИГИЛ», «Фронт ан-Нусра» сынды тиым салынған діни ұйымдар да бар. Дін атын жамылған арамзалардың арбауына түсіп қалмау үшін нақты ақпаратты қайдан және қалай алуға болады? - Діни ұйымның ресми тіркеуі болуы шарт. Ол жайында ақпаратты Сіз Дін істері жөніндегі Министрлік сайтынан немесе 2288, 114 қызметтеріне хабарласу арқылы біле аласыз. - ҚР ресми тіркелген діни ұйым туралы қауіпсіз әрі нақты ақпаратты ашық ресми дереккөздерден (яғни мешіт, шіркеу және басқа да діни ұйымның ресми web сайты мен сол жерде көрсетілген сілтемелер) оңай табуға болады. - Абай болыңыз! ҚР діни басқармасымен танылмаған уағызшылардың арбауына түсіп қалмаңыз. Қазақстан қай кезде талай жылдан бері түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті бейбіт күн кешіп отырған көп ұлтты мемлекет болып қала бермек. Сондықтан да қазақстандықтардығ басты байлығы – бірлігінде. «Бейбітшілік, келісім, тұрақтылық – біздің алтын игілігіміз» Н.Назарбаев «Астана қаласы әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ