09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Мен өз елімнің патриотымын

Алыс кете қоймаған өткенімізде біз асқан айбын мен айтарлық сынақ кезеңдерін бастан өткердік, сондықтан да қазақ халқы еліміздегі бірлік пен бейбіт күнді қатты бағалайды. Бар болғаны 20 жылдың ішінде біз жаңа экономикасы бар, бірлігі жарасқан бейбіт қоғамы бар қуатты елге айналдық.

Жаңадан салынған Елордамыз – Астана Еуразия құрлығындағы жаңа кереметтердің бірі. Біздің еліміз – 40 астам қонфессияға біріккен 100 астам ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп отырған көпұлтты мемлекет. Алайда әлем жұртшылығы соңғы кездері терорризм мен экстремизмнің қауіпімен бетпе-бет келді. Халықаралық террористік ұйымдар радикалды идеяларын таратып ұлттық және діни ерекшелігімізге көлеңкесін түсіріп, қазақстандық қоғамға іріткі салып отыр. Мемлекет пен халық діни радикализм мен экстремизмнің кез келген көрінісіне бірігіп қарсы тұруы керек. Көзсіз бірбеткейлік біздің бейбіт сүйгіш халқымыздың болмысына, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына жат. Ол Қазақстанның діндарлары ұстанатын ханифа мазхабына қарсы. Қазақстандағы экстремизм мен терроризм идеядан гөрі, қылмысқа көбірек негізделген. Арамзалар дін атын жамылып, қоғам негіздерін бұзатын қылмыстық әрекет жасап жүр. Елбасымыз өзіндік «МЕНін» жоғалтып алу қауіпі жайында сөз қозғағанда «жат идеологиялық ықпалдың сыртында басқа халықтардың құндылықтары мен белгілі бір мәдени нышаны» тұрғанын атап өтті. Түрлі ұлт пен ұлыс арасындағы достық, өзара келісім және бейбітшілік – қашанда еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығының берік негізі болған, алдағы уақытта да солай бола бермек. Бізқ жарқын болашақ үшін…біз бейбіт болашақ үшін…