27 августа 2026, Четверг 14 раби-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Восход 05:14
Зухр 12:21
Аср 17:08
Магриб 19:17
Иша 20:54

Тыйым салынған уақытта оқылған намаздың үкімдері

Тыйым салынған уақытта оқылған намаздың үкімдері

Тыйым салынған уақыттағы оқылған намазға қатысты кейбір үкімдер:

1. Мұсылманға аср және таң намаздарынан кейін ұмытып не ұйықтап қалып өткізіп алған намаздарын оқуына рұқсат етіледі. Өйткені Алланың елшісі (с.а.с.): «Кім намазды ұмытса не ұйықтап қалса, есіне түскен сәтте оқып алсын», – деп айтқан.

2. Имам әш-Шафиғи осы уақыттар ішінде себепті намаздарды, мәселен, мешітке кіргенде тахиятул-масжид (мешітке сәлем) намазын және дәрет алғаннан кейінгі таһарат намазын оқуға болады деген.

3. Намазға қамат айтылған соң сүннет пен нәпіл намазы оқылмайды. Өйткені Алла елшісі (с.а.с.): «Намазға қамат айтылғаннан кейін тек белгіленген (яғни парыз) намаз оқылуы тиіс», – деген.

материал «Құлшылық және сенім» кітабынан алынды,

ummet.kz