25 августа 2026, Вторник 12 раби-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 03:32
Восход 05:11
Зухр 12:21
Аср 17:11
Магриб 19:21

Намаздағы хушуғты қалай арттырамыз?

Намаздағы хушуғты қалай арттырамыз?

Ол үшін ең алдымен Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айту керек. Ал Пайғамбарға (с.ғ.с.) бір рет салауат айтсаң, періштелер саған он рет дұға қайтарады. Ал періште күнә жасамайды, олардың дұғасы, әрине, қабыл болады.


Одан кейін намазда оқылатын сүрелердің мағынасына мән беріп оқу керек. Сол кезде ерекше әсерге бөленетін едік. Ал арабша оқып, оның мағынасын білмей жаттап алған соң, оны түсінбей, автоматты түрде айта береміз.

Осыдан кейін намаз оқыған сайын өмірдегі сынақ азая ма, көбейе ме? Ішкі акцентімізді сынаққа қойсақ, «көбейеді» деп сезіледі, ал намазды хушуғмен оқысақ, сынақ жеңіл болып, рахат күймен қабылданады.

Бір күні Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) Жәбірейіл (ғ.с.) бір оқиғаны баяндап береді: «Мен саған келе жатқанымда аспаннан бір періштені көрдім. Ол өзінің төсегінде жатыр, оған жетпіс мың періште қызмет етіп жатыр екен. Алла Тағала оған періштелерден біреуі дем алса, бәрі бірдей демалатын, біреуі өлсе, қалғандары да сонымен бірге өлетіндей етіп жасап қойған. Оны мен одан бұрын «Қаф» тауының үстінде жылап тұрған хәлде көрдім де, одан неғып тұрғанын сұрадым», – дейді.

Қанаты сынып қалған екен.

«Мен Миғраж түні Мұхаммед (с.ғ.с.) көкке көтерілгенде мен оған тұрып құрмет көрсетпей қалдым. Сонда Раббым маған ашуланып, қанатымды сындырып, мені жерге түсірді. Маған шапағат етші!» – дейді.

Жәбірейіл (ғ.с.) Алладан мән-жайды айтып, «оған шапағат бересің бе?» – деп сұрайды. Сонда Алла Пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айтса, мен оны кешіремін» депті.

Сол сәтте сол періште Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айту арқылы жарақатынан жазылып, орнына қайта оралған екен. Салауат айтудың шапағаты қандай екенін көрдіңіз бе?

Ал сіз салауат айту арқылы ризығыңыз көбейетінін, пайдасын бәрін біліп тұрсаңыз да, бірақ соны айтпай жүрсіз. Бірақ әр намазды оқыған сайын күніне кем дегенде 5 рет салауат айтасыз.

Қияметте Алла пендесінен «неше бала тудың, қалай тәрбиеледің?» деп сұрамайды, әуелі намазы сұралады. Егер парыздарында кемшілік табылса, сүннеттер мен нәпілдерінен толықтырылуы қаралады. Көңілі ашылып бір түн тәһәжжудке тұрған уақыты, кездейсоқ жамағатқа үлгергені осының бәрі де есептеледі.

Демек, қосымша намаздар парыздағы олқылықты жабу әрі Раббыңа жақындау үшін оқылады.

Сәлман әл-Фариси (р.а.): «Намаз таразы секілді. Кім оны толық орындаса, толық өлшенеді. Кім кемітсе, “Мутаффифин” сүресіндегі өлшеуді кеміткендер секілді болады», – деген.

Саудадағы жүз граммды жеп қалу қандай зұлымдық болса, намазда бір рукуғты «жеп қою» да сондай.

«Бес уақыт – бес тағам. Кім тәбетіне, өмір балансы да сонымен теңеледі. Алламен байланыста тепе-теңдік бұзылса, адамдармен қарым-қатынаста да міндетті түрде бұзылады.»

Язид Рақаши Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) намазын көріп: «Оның намазы таразыдай дәл еді, әрбір рүкні өз орнына толық түсетін», – деп риуаят еткен.

Біз ол деңгейге жете алмасақ та, ұқсап бағуымыз керек. Біреуге ғашық жан сол адаммен бірге болғанда уақытының қалай өткенін де байқамай қалады. Ал адамға ғашық болу секілді, намазға ғашық болудың бір жолы – оны қайта-қайта бар ынтамен оқу.

Күнделікті бес парызға бір нәпіл намазды қосып отырыңыз, бір айдан кейін оған үйренісіп кетіп, ол әдетке айналады. Намаздың парыздарына махаббатыңыз ашылып, күнде күтіп отыратын боласыз.

Тағы бір хадистерде: «Алла қияметте намазын тек рукуғ пен сәждеге ғана шектеген пендесіне қарамайды» делінген. Яғни тек қимылды жасап, жүректі қоспау – намаз емес.

материал «Алламен сырласу» кітабынан алынды, 

ummet.kz