24 августа 2026, Понедельник 11 раби-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 03:30
Восход 05:10
Аср 17:13
Магриб 19:23
Иша 21:02

Сәби бала жылағанда намазды қысқарақ оқу мәселесі

Сәби бала жылағанда намазды қысқарақ оқу мәселесі

Әбу Қатада (р.а.) риуаят етті:

«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Мен намазымды ұзағырақ қылып оқымақшы болғанымда, сәби бала жылап қалса, анасына ауырлық түспесін деп, қысқарақ оқитынмын»,- деді.

Әнас ибн Мәлік (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) гөрі намазды қысқарақ және толығырақ оқитын бірде-бір адамды көрген емеспін. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жас сәби баланың жылағаның естіп, анасына қиындық болмасын деп, намазын қысқарақ оқитын»,- деді.

Әнас ибн Мәлік (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Мен намазымды ұзағырақ қылып оқимын дегенімде, жас сәби баланың жылағаның естіп қалсам, оның анасына ауырлық түспеуін ойлап намазымды қысқарақ оқитынмын»,- деді.

Әнас ибн Мәлік (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Мен намазымды ұзағырақ оқымақшы болып бастасам, жас сәби баланың жылағанын естіп қалсам, оның анасына ауырлық түспеуін ойлап намазымды жеңілдетемін!»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz