26 августа 2026, Среда 13 раби-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 03:34
Восход 05:13
Зухр 12:21
Магриб 19:19
Иша 20:57

Намазда сүрелерді ойша оқыса намаз дұрыс бола ма?

Намазда сүрелерді ойша оқыса намаз дұрыс бола ма?

Намазда сүрелерді дауыстап оқудың мөлшері – өзге адам еститіндей (кем дегенде бірінші саптағылар еститіндей) болуы керек.

Ал, іштей оқудың мөлшері – өзі еститіндей болуы тиіс делінген кітаптарда. Сондықтан да, намазды іштей оқитын кісі намаз сүрелері мен дұғаларын өзі ести алатындай сыбырлап, тіл мен ерінді қимылдату арқылы әріптерді орын-орнымен шығарып оқиды. Тіл мен ерінді қимылдатпастан ойша оқу – оқыған боп саналмайды. Ол – пікірлеумен тең. Пікірлеу – оқу емес.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz