26 августа 2026, Среда 14 раби-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Восход 05:13
Зухр 12:21
Аср 17:09
Магриб 19:19
Иша 20:57

Құлшылықта жастың үлкен-кішілігі маңызды емес

 Құлшылықта жастың үлкен-кішілігі маңызды емес

Омар (р.а.) намаз оқуға мешітке үнемі ертерек баратын.

Бірде ол жолда мешітке қарай жүгіріп бара жатқан баланы көреді де:

– Балам, неге сонша асығып барасың? – деп сұрайды. Бала:

– Намазға асығып барамын. Намаздың уақыты жақындап қалды, ал мен әлі дәрет алып үлгермедім, – дейді. Омар (р.а.):

– Бірақ сен кішкентайсың ғой? – дейді. Сонда әлгі бала:

– Құлшылықта жастың үлкен-кішілігі маңызды емес қой. Кеше ғана менен де кіші бір бала көз жұмды, – деп жауап береді.

материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz